06.02.2023 г. Мектебіміздің тіл мамандары Жунусова Г.К. мен Уәли Ә.Қ. «PISA халықаралық бағдарламасы аясында мәтін түрлерімен талдау жұмыстарын жүргізу» тақырыбында озық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың мақсаты: PISA халықаралық бағдарламасы аясында мәтін түрлерімен талдау жұмыстарын жүргізу бойынша педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
Міндеттері:
- оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы мәселелерді анықтау;
- анықталған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру.
Г.К. Жунусова оқу сауаттылығы бойынша белсенді оқыту стратегияларымен бөлісті.
Ал, Ә.Қ. Уәли оқылым дағдысын арттыруға бағытталған сандық білім беру ресурстарымен таныстырып өтті.
30.01.2023 г. С целью изучения подходов Исследования урока и Исследования в действии педагогом - исследователем Алимовой Б.А. и учителем биологии и химии Сейдахметовой Б.К. проведен обучающий семинар для педагогов школы. В ходе мероприятия педагоги ознакомились с основами и принципами данных исследований. Использование данных приемов является трудоемким и в то же время необходимым в практике каждого учителя
05.01.2023 г. «Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбындағы педагогикалық кеңесте шеберлік сыныбында практикалық бөлімде әріптестерімізбен «Жасуша - өмір негізі» сабағын өткіздік. Сабақтың тақырыбын ашу үшін интербелсенді тақтадан тірі ағзалардың суреттері көрсетіліп, ұстаздар «Жасуша» терминін анықтады.
Әрі қарай Гүлсезім Балғабайқызы тренинг өткізіп.жайлы шуақты көңіл күй орнатты. 3 топқа бөліп орналасты.
«Жасуша құрылымдары» тақырыбында видео көрсетіліп, жаңа материалды игеру мақсатында диалог жүргізілді. Практикалық бөлімде мен 3 топқа тапсырма беріп, «Жасуша» тобы - Модельдеу, «Ядро» тобы - постер қорғау, «Рибосома» тобы - осы тақырыпта ертегі құрастыру жұмыстарын жүргізді. Әріптестеріміз шығармашылықпен жұмыс жасады. Өз жұмыстарын жауапкершілікпен қорғап шықты.
Қызығушылықпен жұмыс жасаған әріптестерді сергіту мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Султаноы «Сергіту сәтін» өткізіп, көңіл күй сыйлады.
Рефлексия кезінде Әдістемелік бірлестік мұғалімдеріне жетістіктер тілеп,жылы лебіздерін білдірді.
Жұмыс кезеңінің қорытындысын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Рахилина жасап қорытындылады.
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | ЧОСШ Мониторинг достижения учащихся | DOCX |
2 | ЧНОМ Дарын бойынша есебі Уәли Ә.Қ. 2022-2023 оқу жылы | PPTX |
.